Narxoz Challenge олимпиадасына қатысу ережелері

Мұқият оқыңыз

Ережені сақтаңыз

Грант немесе жеңілдік ұтып алыңыз

Жалпы ережелер:

Университет Қатысушыға NC олимпиадасына қатысуға рұқсат бермеуіне құқылы, соның ішінде:

  • Қатысушы NC Ұйымастырушыларына қандай да бір жалған ақпарат берген жағдайда;
  • NC Қатысушысының (үміткер) өз іс-әрекетіне жауапсыз қарағаны немесе NC Қатысушысына басқа Қатысушылардан өзгеше артықшылықтар беру мақсатындағы басқа бір тұлғалардың өз іс- әрекетіне жауапсыз қарағаны анықталған жағдайда;
  • NC олимпиадасының Қатысушысына басқа Қатысушылардан өзгеше артықшылықтар беру мақсатында NC олимпиадасы қатысушыларының немесе басқа бір тұлғалардың жауапсыз әрекеттерге баруына жол беруі және оған себептес болуы анықталған жағдайда.
main-1
5O5A154011111
 

Бірінші кезең. Тіркелу

Сілтеме бойынша өтіп, тіркел. Тіркелусіз бірінші кезеңге өте алмайсын.

Тіркелуден кейін саған электрондық хат (emai) жібереміз. Сондықтан өз email-ды жазып, дұрыс екенін тексер. Ол мынадай форматта болу қажет: name@domainmail.kz  немесе dos12@gmail.com

Сәйкестендіру нөмері

ID – email-да бізден сәйкестендіру нөмері көрсетіледі. Ол саған бүкіл байқау барысында қажет болады. Сондықтан скрин жасап, жазбаларда сақтап қой.  Егер email келмесе – спам және қоқыс парақшаларын тексеріп көр. Егер email жоқ болса, бізге  admission@narxoz.kz поштасына жаз. 

Нақты ақпараттар

Барлық ақпаратты куәлікте жазылғандай дұрыс жазып, жібермес бұрын тексеріп ал.

1 тур ережесі

 
  • Конкурсқа тіркелгеннен кейін, барлық қатысушыларға, тіркеуде көрсетілген электрондық поштаға эссе тақырыбы мен эссе жіберу жөніндегі нұсқаулық жазылған хабарлама келеді.
  • Эссе тек сайтта жүктелуі керек. Бір қатысушы-бір эссе.
  • Қатысушы нұсқаулық пен регламентті қатаң сақтауы тиіс
  • Өту балын жинаған қатысушылар келесі турға өтеді.
  • Критерийлер мен эссе тақырыбы ұйымдастырушылар келетін email-да болады
0
Ең жоғары балл

2 тур ережесі

 
  • Екінші тур ашық сұрақтар мен жауап нұсқалары бар тест түрінде өткізіледі.
  • 2-турдың ұпайлары мен құрылымы төменде сипатталған. Өткізу ұпайын жинаған қатысушылар үшінші айналымға өтеді.
  • Сұрақтардың жалпы саны 17
0
Ең жоғары балл

2-ші турдың сұрақтар құрылымы: 

  • Сандар қатары: дұрыс жауаптардың максималды
    саны – 5 (20 балл)
  • Эрудицияға қатысты сұрақтар: дұрыс
    жауаптардың максималды саны – 8 (40 балл)
  • Сын тұрғысынан ойлауға (Критикалық ойлау)
    арналған сұрақтар: дұрыс жауаптардың
    максималды саны – 2 (16 балл)
  • Логикаға арналған сұрақтар: дұрыс жауаптардың
    максималды саны – 2 (24 балл)

3-турдың ережесі

 
  • 2020 жылы ҰБТ тапсырғанын растау.
  • ҰБТ бойынша балл (ҚР БжҒМ-мен белгіленген) өту баллына сәйкес болу керек.
  • Ол ҰБТ сертификатымен расталады.
  • ҰБТ сертификатының түпнұсқасын қабылдау комиссиясына 2020 жылдың 20 шілдесіне дейін, оқуға түсуге керекті басқа құжаттармен бірге әкеліп тапсыру қажет.
65
Максимальный балл

Үміткерлердің гранттар мен жеңілдіктерге құжат тапсыру мерзімі

Грантқа/жеңілдіктерге үміткер қатысушылар оқуға түсуге қажетті құжаттардың барлығын 2020 жылдың 20 шілдесіне дейін (қоса алғанда) қабылдау комиссиясына тапсырулары керек. Құжаттарды тапсыру мерзімі өзгеруі мүмкін. Тапсыру мерзімі өзгерген жағдайда қатысушылар тіркеу формасында көрсеткен электрондық пошталары арқылы хабарлама алады. Құжаттарды Университеттің Қабылдау комиссиясына ғана тапсыра алады (Алматы қ.).

Қажетті құжаттардың тізімі:

  •  қалыптасқан үлгідегі өтініш;
  • білімі туралы құжат (түпнұсқа);
  • ҰБТ сертификаты;
  • 3х4 өлшемді фотосурет, 6 дана;
  • жеке куәлік көшірмесі (3 дана);
  • тіркеу куәлігі немесе әскери билет (ер
    балалар үшін).